Назарларыңызға!

0
2942

Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің (Салық кодексі) 616 бабына сәйкес соттарда барлық iстер мен құжаттар бойынша мемлекеттік баж төлеуден келесі тұлғалар босатылады:

  • Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
  • жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестiрiлген адамдар;
  •  Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар;
  • 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар;
  • мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің, мүгедек баланың ата-анасының бірі.

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ СОТЫЖАНЫНДАҒЫСОТТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ
(ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫСОТЫ АППАРАТЫНЫҢ)АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША СОТТАР ӘКІМШІСІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ