«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Саябаққа атау берілді

Қандыағаш қаласындағы орталық саябақ бұдан былай «Қазақстан» деп аталатын болады.

Бұл мәселе жақында аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Талғат Қойшекеновтың төрағалығымен орталық саябаққа атау беру жөніндегі арнайы отырыста қаралды. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Гүлназ Төлебаева, Қандыағаш қаласының қоғамдастық кеңес мүшелері және қала тұрғындарының қатысуымен өткен мәжілісте атауы жоқ орталық саябаққа жаңа «Қазақстан» деген атау беру ұсынылып, бірауыздан мақұлданды. Сонымен қатар,  мұғалжарлықтардың бұл ұсынысы облыстық ономастикалық комиссияға жолданды.

Әнуар ЕСҚАРА

Ұқсас ақпараттар

Алғашқы алтын: Теміртас Жүсіпов Дебреценде жеңіс тұғырынан көрінді

admin_mugalzhar

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТҚА ЖОЛДАМА АЛДЫ

admin_mugalzhar

ПАРА ЖҮЗУДЕН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

admin_mugalzhar