«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ПАРА ЖҮЗУДЕН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Ақтөбе спорт алаңдарында Қазақстанның VI Жазғы Паралимпиада ойындары өтуде. Облыс орталығында ұйымдастырылған кезеңде спортшылар төрт спорт түрінен жарысады: үстел теннисі, жүзу, дзюдо және волейбол.
Бұған дейін Паралимпиада шеңберіндегі жарыстар Алматы мен Астанада өткен болатын. Жалпы, ойын еліміздің барлық өңірлерінен мыңнан астам спортшыны біріктірді. Биылғы жылы 10 спорт түрінен марапаттар ойналады.
Паралимпиада ойындары аясында пара жүзу спорт түрі бойынша 50 м және 100 м қашықтықтарды еркін әдіспен жүзуден жерлесіміз Абай Сағынов ІІ орын иеленді.

Ұқсас ақпараттар

2024 жылы Қазақстанда рекордтық 26,7 млн тонна астық жиналды

admin_mugalzhar

Туған жерге тағзым – перзент парызы

admin_mugalzhar

Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған логотип бекітілді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.