«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Көгілдір отын — тұрғындар қуанышы

Еңбек ауылдық округіне қарасты Темір көпір бекетін газдандыру жұмысы аяқталды. Қазіргі таңда, ауыл тұрғындары ауылға келген көгілдір отынды үйлеріне кіргізуге қамданып жатыр.

Округке қарасты бұл елді мекенді газдандыру мәселесі бұрыннан көтеріліп келеді. Талай ресми жиындарда ауыл тұрғындары бой көтеріп сұрақ қойса, соның кіріспесі міндетті түрде осы көгілдір отыннан басталатын. Республикалық маңызы бар Ақтөбе-Атырау тас жолының бойында орналасқан, іргесінде теміржол өтіп жатқан 53 отбасы тұратын елді мекенді газдандыру жұмысы биыл маусым айында қолға алынды. Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметі бойынша, Темір көпір бекетін газдандыру жұмысы 70 млн. 308 мың теңгеге бағаланған. Оның 10 млн. теңгесі аудандық бюджеттен бөлініп жұмыс басталып кеткен болатын.

Жалпы ағымдағы жылы Еңбек ауылдық округіне қарасты Басшилі ауылы мен Темір көпір бекетін газдандыру қатар басталған. Алайда, Темір көпір бекетін газдандыру ісін жүргізген «Ерзат» ӨҚ-і жұмысты белгіленген жоспардан бұрын аяқтап тастады. Бұл жаңалықты ұзақ жылдар бойы күткен тұрғындар бүгінде көгілдір отынды үйлеріне кіргізуге асығуда.

«МҰҒАЛЖАР-АҚПАРАТ» 

Ұқсас ақпараттар

«ТАРЫ-FEST — 2023»: ІІ ОРЫН – МҰҒАЛЖАРДА

admin_mugalzhar

САЛАМАТТЫҢ ЖҮЛДЕСІ

admin_mugalzhar

ҰЛТТЫҚ ЖОБА — ЖҰМЫССЫЗ ЖАНДАРҒА ЖОЛ АШАДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.