«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Білім және ғылым министрі тағайындалды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Асхат Аймағамбетов Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады egemen.kz.  

А.Қ.Аймағамбетов 1982 жылы туған, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Қарағанды маңызды білім беретін «Болашақ» институтын, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген. Мамандығы бойынша тарихшы, тарих пәнінің оқытушысы, заң бакалавры, экономика және бизнес бакалавры. Саяси ғылымдар докторы (PhD) ғылыми дәрежесі бар.

Еңбек жолын Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Жастар істері жөніндегі комитетінде маман болып бастаған.  2004-2012 жылдары Қазақстан Ресей университетінің әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің саясаттану және социология кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті болды.

Қарағанды облысының Нұра ауданы әкімінің орынбасары, Қарағанды облысының Білім басқармасының басшысы болып тағайындалды.

2017 жылғы тамыздан бастап 2019 жылғы қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі лауазымына тағайындалған.

2019 жылғы қаңтардан – Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.

 

Ұқсас ақпараттар

Білім менеңбек — бақуатты өмірдің кілті

admin_mugalzhar

Жақыныңа жанашыр бол: Коронавирустың симптомсыз түрін жұқтырған пациенттерге жадынама

admin_mugalzhar

Қазақстандықтардың орташа айлығы 200 мың теңгеден асты — зерттеу

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.