«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Алматыда Кореядан келген 100 жолаушы карантинге жатқызылды

Алматыға Оңтүстік Кореядан ұшып келген 100 жолаушы карантинге жатқызылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Бұл — стационар. Енді Сеулден келген қазақстандықтар мен басқа елдердің кей азаматтары карантинге жатқызылады. Олар аман-сау. Қала әкімінің аймақтық штабы олардың вирустық ауру тараған аймақтан келгенін ескере отырып, 14 күнге карантинге жатқызу туралы шешім қабылдады», — деді Алматы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев.

«Қаланың эпидемия кезінде осы санаттағы азаматтарды оқшаулау үшін кей стационарды пайдалануға құқы бар. Барлығы аурудың қала мен республика тұрғындары арасында таралмауы үшін жасалады», — деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанға Оңтүстік Кореядан келгендер 5 наурыздан бастап карантинге жіберілетіні хабарланған болатын. Ал 8 наурыздан бастап Қытай, Иран және Оңтүстік Корея азаматтарына Қазақстанға кіруге тыйым салынады.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстандық оқушылардың көктемгі каникулда қанша күн демалатыны белгіленді

admin_mugalzhar

Обаманың кітабы сатылымның бірінші күні рекорд орнатты

admin_mugalzhar

118 ОТБАСЫ, 604 АДАМ АӘК АЛАДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.