Құрметті Мұғалжар ауданының тұрғындары мен қонақтары!

0
133

Сіздерді Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн – ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елемізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн.

Біз, сол ата-балалардың ұрпақтары осы күннің елімізге деген маңыздылығын есте сақтап, мақтан тұтып, қастерлей білуге тиіспіз және бұл біздің азаматтық парызымыз екендігін ұмытпауымыз керек.

Еуразия жүрегінде, өркениеті ұштасқан орталығында талай ұлт пен ұлыстың мекеніне айналған ұлы далада азат елдің азаматы атанғаннан асқан бақыт жоқ.

Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі.

Қазіргі таңда тәуелсіздік – барлығымыз үшін ерекше қасиетті, бірліктің, ынтымақтастық пен татулық күні.

Бүгін біздің тәуелсіз мемлекетімізге 28 жыл толып отыр.

28 жылда бірқатар жұмыстар атқарылды және оның нәтижесін қазіргі таңда өз көзімізбен көріп отырмыз.

Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы.

Тәуелсіздік жылдары мемлекетіміз жетістіктерге жетіп, дамып келеді және қазіргі таңда дүние жүзі қауымдастығы алдында абыройы асқақ, беделі биік.

Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамызда қабылданған  Конституцияның 1-бабының 1-бөлігіне сәйкес, Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.

Біздер Қазақстан Республикасының азаматтары ретінде отанымызға деген патриоттық сезімді және еліміздің дамуына өзіміздің үлесімізді қосайық. 

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз еңселі болсын!

Көк байрағымыз желбіреп, еліміз гүлденіп, көркейе берсін! 

                                                                     А. Байтұрсынов,

                Мұғалжар  аудандық  прокуратурасының

                                                                     прокуроры міндетін атқарушы