«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ӘРТІСТЕР «АКТЕРЛІК АНСАМБЛЬДІК ҚҰРАМ» АТАҒЫН ЖЕҢІП АЛДЫ

Абай облысы Семей қаласында қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтың 125 жылдығына орай «Ес-Аймақ» халықтық театрлардың республикалық театр фестивалі өтті.

Аталған фестивальге Мұғалжар аудандық Халықтық театр ұжымы қатысып, семейліктердің назарына Т.Ахтановтың «Күшік күйеу» комедиясын ұсынды. Көрермендердің көзайымына айналып, қазылар алқасының көңілінен шыққан мұғалжарлық әртістер «Актерлік Ансамбльдік құрам» атағын жеңіп алып, 300 000 мың теңгелік сертификатқа ие болды.

Аталған фестиваль екі күнге созылды. Халықтық театр ұжымы республикалық театр фестивалінің ашылу салтанаты керемет ұйымдастырылды. Еліміздің әр қаласынан келген театр ұжымдарын қызыл кілем жайып қарсы алып, қошеметпен күтті. Аталған конкурсқа елдің әр аймағынан 9 халықтық театр ұжымдары қатысты. Біздің ұжым өздерін жан-жақты көрсетіп, актерлік шеберліктерін паш етті, — деді театр режиссеры Айнагүл Мусина.

Н.ІЗТҰРҒАНҚЫЗЫ

Ұқсас ақпараттар

ҚҰМЖАРҒАНДЫҚ МҰҒАЛІМ ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

admin_mugalzhar

Ақтөбе облысындағы барлық қызметтің қарлы боран мен су тасқыны маусымына дайындығы талқыланды

admin_mugalzhar

Қазақстанда әрбір баланың Ұлттық қордан ақша аударатын есепшоты болады

admin_mugalzhar