«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Мемлекет және қоғам қайраткері Камал Бұрханов өмірден озды

Мемлекет және қоғам қайраткері Камал Бұрханов өмірден озды. Қайғылы хабар жайында Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы Facebook-парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалған өмір-ай… Ұстазым, досым, әріптесім Камал Бұрханов дүниеден озыпты. Соңғы екі жыл төсек тартып жатып калған еді. Мағрипа жеңгем қолдан келгенше барлығын жасады. Амал нешік, бәрі бір жаратқанның қолында. Бақұл бол, адал дос. Жаның жәннатта болғай, Камал аға!», — деп жазды сенатор.

Саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Камал Низамұлы 1954 жылы дүниеге келген.
Ташкент университетін, Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетін бітірген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті заң факультетінің деканы, ҚР Президенті Әкімшілігінің бас сарапшысы, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры қызметтерін атқарды.

IV және V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі болды. 40-тан астам ғылыми жұмыстың, кітаптардың, мақалалар мен оқу құралдарының авторы. Бірнеше медальмен марапатталған

Ұқсас ақпараттар

Қауіпсіз келешек

admin_mugalzhar

Соңғы 3 жылда 187 бала өрт құрбанына айналған

admin_mugalzhar

Казахстанцы смогут подписывать нотариальные сделки ЭЦП

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.