«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«Заң және Тәртіп» қағидаты маңызды жалпыұлттық құндылықтар қатарына енді – сауалнама

Бұл жайында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин әлеуметтік желіде жазды. Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты қоғам арасында терең орныққан құндылықтардың иерархиясына арналған әлеуметтік зерттеу жүргізді, деп хабарлады turkystan.kz. сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Бұл жайында Ерлан Қарин мәлімдеді.

«Сауалнама нәтижесіне сәйкес «Заң және Тәртіп» қағидаты азаматтарымыз үшін аса маңызды саналатын жалпыұлттық құндылықтар қатарына енді («Әділдік» – 84,1%, «Заң және Тәртіп» – 83,5%, «Еңбек» – 83,4%). Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде «Заң және Тәртіп» қағидатын одан әрі орнықтыру және құқықбұзушылықтың кез келген түріне «мүлдем төзбеушілік» ұстанымын қалыптастыру қажеттігіне баса назар аударғаны тегін емес. Айта кету керек, заң үстемдігінің қамтамасыз етілуі және оны бұзғаны үшін жазаның бұлтартпастығы – мемлекеттің негізгі міндетінің бірі. Сондықтан әлемнің көптеген елінде тәртіп пен тұрақтылықты нығайтуға деген қоғамдық сұраныстың өзектілігі артып келеді», – деп жазды Мемлекеттік кеңесші.

Ұқсас ақпараттар

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ — ЕЛ МҰРАСЫ

admin_mugalzhar

Ақтөбе-Қандыағаш» автомобиль жолының қайта жаңару жұмыстары қарқынды жүруде

admin_mugalzhar

ИСЛАМДА ДӘСТҮР ТУРАЛЫ НЕ АЙТЫЛАДЫ?

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.