Павлодар облысының әкімі лауазымына Әбілқайыр Сқақовты тағайындалды

0
179

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Әбілқайыр Бақтыбайұлы Сқақов Павлодар облысының әкімі қызметіне тағайындалды.

Осыған дейін үстінен қылмыстық іс қозғалған Болат Бақауов Павлодар облысының әкімі қызметінен босатылған еді.

Әбілқайыр Сқақов 1974 жылы Павлодар облысында туған. Ақмола қаржы-экономикалық техникумын, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін, Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын, М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін аяқтаған.

Павлодар облысы бойынша салық инспекциясының маманы, салық инспекторы, аға салық инспекторы, бөлім бастығы, Павлодар қаласы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары, Павлодар облысы Денсаулық сақтау департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарған.

Сонымен бірге, Павлодар облысы бойынша Салық департаментінің Павлодар қаласы бойынша салық басқармасының бастығы, Қостанай облысы бойынша Салық департаментінің бастығы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының орынбасары қызметтерінде болған.