Германияда білімін жетілдіріп жүрген қазақстандық 8 магистрант оқудан шығарылды

0
214

Германияда тағлымдамадан өтіп жатқан сегіз магистрант оқудан шығарылды, деп хабарлайды Сот төрелігі академиясының сайты.

Германияда білімін жетілдіріп жүрген Сот төрелігі академиясы «Құқықтану» мамандығының 8 магистранты оқудан шығып қана қоймай, мемлекет төлеген шығындары мен шетелде тағлымдамадан өтуіне жұмсалған қаржыны қайтаратын болды.

Академия ректоры Зәуреш Баймолдина қол қойған бұйрыққа сәйкес, аталған магистранттар «жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтамағаны» және «өз іс-әрекетімен және қылығымен қоғам тарапынан сынға жол беріп, басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік әдеп нормаларын бұзудың жолын кесу және оларды болдырмау жөнінде шара қабылдамағаны» үшін оқудан қуылып отыр.