Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 31 жыл ⠀

0
50

10 жылға созылған ауған соғысының аяқталғанына 31 жыл толды. 1989 жылдың 15 ақпанында Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күні. ⠀
Бұл күн – көңілде сызы, жүректе ізі қалған ауыр да азапты жылдар мен өткенді естелік қылып және оны көңілге кесте қылып тоқу ғана емес, сол кездегі ана сүті аузынан кеппеген бауырларымызды еске алар күн! ⠀

Айтулы күні жылдағы үрдіспен қала әкімі Т.Өтемұратов, мекеме, бөлім басшылары мен ауған соғысының ардагерлері орталық саябаққа жиналып, ескерткішке гүл шоқтарын қойып, аудандық «Нұртай» мешітінің наиб имамы құран бағыштады. ⠀

Игі іс Қандыағаш қаласының мамандандырылған балалар жасөспірімдер спорт мектебінде жалғасын тауып, аудан әкімшілігінен, аудандық полиция бөлімі мен желілік ішкі істер бөлімінен, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен Ембі қаласының балалар жасөспірімдер спорт мектебі құрамасынан жалпы 5 команда арасында кіші футболдан жарыс өтті. ⠀

Тартысты ойын нәтижесінде алғашқы 1-орынды Ембі қаласының балалар жасөспірімдер спорт мектебі иеленді. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің ұжымы 2-орынды қанжығасына байласа, 3-орынға құқық қорғау органының қызметкерлері яғни желілік ішкі істер бөлімі жайғасты. Қатысушылар арнайы кубокпен және аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.