«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Халық банк басшысының ұлы Павлодар облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Павлодар облысы әкімінің орынбасары болып Сәкен Шаяхметов тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ол 1990 жылы 2 мамырда Алматы қаласында өмірге келген. АҚШ-тың Техас университетінде (The University of Texas) «Мұнай-газ ісі» және «Экономика» мамандықтары бойынша тәмамдаған. МВА дәрежесін Қытай-Европа халықаралық бизнес мектебінде (China Europe International Business School) алған, сондай-ақ, құқық пен дипломатия саласындағы гуманитарлық ғылымдар магистрі (The Fletcher School of Law and Diplomacy, Tufts University).

Оқу кезінде жыл сайын Chevron (АҚШ), J.P. Morgan (Ұлыбритания), Citibank (Алматы), World Bank (АҚШ) сынды компанияларда арнайы ақылы тағылымдамадан өткен.

Еңбек жолын 2011 жылы Атырау облысындағы «Болашақ» зауытында механиктің көмекшісі болып бастады. 2012-2014 жылдар аралығында Caspi Meruerty Operating Company B.V. компаниясында экономист болып қызмет етті. Кейін, 2017 жылға дейін магистратура бойынша білім алды.

2017 жылы мемлекеттік қызметке түсті. 2017-2018 жылдар аралығында Шаяхметов ҚР премьер-министрінің кеңесшісі, ал 2018 жылдың желтоқсанынан бастап ҚР премьер-министрі кеңсесі басшысының орынбасары лауазымдарын атқарған.

Сәкен Шаяхметов Президенттік жастар кадрлық резервінің үздік үштігіне енді.

Шаяхметов инвестициялар, кәсіпкерлікті және арнайы экономикалық аймағын дамыту мәселелерімен айналысады.

Ашық дереккөздерге сүйенсек, Сәкен Шаяхметов — Халық банк басқарма басшысы Үміт Шаяхметованың ұлы.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда халық санағы 2021 жылға шегерілді

admin_mugalzhar

БИІКТІК ФОРМУЛАСЫ (деректі әңгіме)

admin_mugalzhar

Әліппе 2021 жылы енгізіледі

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.