«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбе полиция басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Ақтөбе қалалық полиция басқармасының бастығы қызметіне Бауыржан Атабаев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қанат Әлиев жеке құрамға Ақтөбе қалалық полиция басқармасының жаңа бастығын таныстырды.

Бауыржан Атабаев 1969 жылы туған. Ішкі істер органдарында 1990 жылдан бастап қызмет етіп келеді. Басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі мол. Әр жылдары тергеу және жедел бөлімшелерде жұмыс істеді. 2016 жылдан бастап Ақтөбе облысының ПД басқармасын басқарды.

«Іс-шара соңында ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Әлиев полиция департаментінің бастығы және жалпы ҚР ІІМ басшылығы қойған құқықбұзушылықтардың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі міндеттер туралы еске салды. Мүліктік сипаттағы қылмыстарды және жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуға, сондай-ақ Ақтөбе қаласында жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге баса назар аудару қажеттігі айтылды», — дейді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Ұқсас ақпараттар

​Ондасын Уразалин провел прием граждан в общественной приемной «Nur Otan»

admin_mugalzhar

Қазақстандық фильм «Оскарға» ұсынылатын болды

admin_mugalzhar

Елімізде сегіз оңалту орталығы ашылады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.