«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Коронавирустың мамыр айында жойылатыны рас па — маман жауабы

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова коронавирус мамыр айында жоғалатыны туралы болжамға пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін бірқатар БАҚ коронавирустың ультрафиолетке төтеп бере алмайтынын, сондықтан мамыр айында толық жоғалатынын жазған еді.

«Эпидемиялық жағдай бойынша бұл болжам қисынға келмейді. Сұхбат берген маманның өзі интервьюдың телефонмен жүргізілгенін, сұрақты жаңсақ түсінгенін мойындады. Сондықтан, осындай болжам айтқан. Шын мәнінде, біз де болжамдар жасап отырмыз. Бірақ, сәуірде немесе мамыр айында деп нақты ештеңе айта алмаймыз», — деп жауап берді Л. Бюрабекова Орталық коммуникациялар қызметінде тілші сұрағына.

Айта кетейік, қазіргі уақытта әлемде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 90 893 адам және одан 3110 адам қайтыс болды. Соңғы 48 сағатта Қытайдан тысқары жерде тіркелген 1848 науқастың 80%-ы үш елге тиесілі: Иран, Италия және Оңтүстік Корея.

Ұқсас ақпараттар

ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ БЕРІЛУІ УАҚЫТША ТОҚТАТЫЛАДЫ

admin_mugalzhar

ЭЛЕКТРОНДЫ ЕҢБЕК БИРЖАСЫ ЖҰМЫС ІЗДЕГЕНГЕ ЖАҢА МҮМКІНДІК

admin_mugalzhar

ЖЫЛУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.