«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ: ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ЕЛІМІЗДЕ КОРОНАВИРУС ІНДЕТІНІҢ ТАРАЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ТӨРТІНШІ ТОҚСАННЫҢ САБАҒЫ ҚАШЫҚТАН ӨТЕТІН БОЛДЫ. СӨЙТІП, БҰҒАН ДЕЙІН ҰСТАЗДЫҢ ҚАРСЫ АЛДЫНДА ОТЫРЫП САБАҚ АЛҒАН БАЛА ЕНДІ САБАҚ ОҚУ ҮШІН ТЕЛЕДИДАРҒА, КОМПЬЮТЕР МЕН СМАРТФОНҒА ҮҢІЛМЕК.

«1 сәуірде еліміздің барлық мектептерінде сынама жүргізіліп, мұғалімдер балалардың жүйеге қалай қосылғанын тексереді. 2 сәуірде ата-аналар жиналысын өткізіп, жүйеге қосылуды, балалар жұмысын дұрыс ұйымдастыруды үйретеміз. 3 сәуірде оқушылармен сынып сағаттары жүргізіледі. Онда да балаларға тиісті ақпарат беріліп, қашықтан оқу форматы туралы сұрақтарға жауап беріледі. Осылайша, 6 сәуірде мектеп те, ата-ана да, құрылғылар да қашықтан білім беруге дайын болуы керек», — деді Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов брифингте.
Аудандық білім бөлімінің мәліметінше, қашықтан оқытуға дайындық жұмыстары ауданда да қызу жүруде. Аудандағы 37 мектептің 1-11 сынып аралығындағы 11986 оқушысы қашықтан оқуға дайындалуда. Интернет желісі қолжетімді қалалар мен ауылдық округтегі мектеп мұғалімдері ватсап желісінде арнайы чат құрып, ата-аналармен, оқушылармен кері байланыс орнатты, сол арқылы қашықтан оқытудың қыр-сырын бірге меңгеруде.

Сабақ басталғаннан кейін мұғалім мен оқушы Kundelik.kz, zoom, sabak.kz платформасында, ватсап желісінде онлайн кездесіп, білімін пысықтайтын болады.

Ал интернет қуаты әлсіз және қажетті құрал-жабдықтарға қатысты қиындықтары бар ауыл мектептерінің оқушылары «Balapan» (қазақ сыныптарына), «Ел арна» (орыс сыныптарына) телеарналары арқылы оқиды
. Онда бейне-сабақтар сабақ кестесіне сай көрсетілетін болады.

«Balapan» телеарнасының директоры М.Жұмабайдың айтуынша, 6 сәуірден бастап күнделікті эфирдің 6 сағаты 1-11 сынып оқушылары үшін бейнесабаққа арналады. Белгіленген 6 сағат уақыт аралығы әр сыныпқа бөлінеді. Яғни, бір отбасында 4 бала болса, бір-біріне сәйкес келмейтін түрлі уақытта оқиды.

«Сабақ кестесі телеарнадан және басқа да ақпарат құралдары арқылы таратылғаннан кейін, соған сай оқушыларға негізгі сабақ теледидар арқылы көрсетіліп, түсіндіріледі, тапсырмалар беріледі. Кейін бала үйден сол сабақты орындап, ватсаптағы арнайы чатта мұғалімдерімен талқылайды. Бұл жерде ата-ананың рөлі зор. Олар үйден баланың сабақ уақытын қадағалап отыруы қажет», — дейді білімі бөлімінің мектепке дейінгі және жалпыға бірдей білім беру секторының меңгерушісі Ж.Уваисова.

Оның айтуынша, бүгінде ата аналар үйлеріне интернет қондырып, интернеті жоқ ауылдар теледидарында аталмыш каналдардың болуын қамтамасыз етуде.

Оқушылар мен ата-аналар дайындығы өз алдына, мұғалімдер дайындығы қалай жүруде? Аудандық білім бөлімінің мәліметінше, мектеп мұғалімдері ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясымен бірігіп жасаған әдістемелік ұсынымдарының жобасымен таныстырылған.

Сонымен қатар, олар мектептерде қашықтықтан оқыту технологиясын қолдану арқылы оқу процесін сапалы ұйымдастыру, мектепшілік бірыңғай сабақ кестесін жасау және электрондық журнал жүйесі арқылы қадағалау, қашықтықтан оқу кезіндегі тәрбие жұмысын ұйымдастыру, класс жетекшілердің міндеттерін айқындау, ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу жұмыстарына арналып, zoom қосымшасындағы онлайн-кеңес, Kundelik.kz, Daryn. Online.kz, BilimLand, Online Mektep платформаларында өткізіліп жатқан видеоконференцияларға қатысуда.

Ұқсас ақпараттар

Жамбыл облысындағы жарылыс: қаза тапқан құтқарушылардың есімі аталды

admin_mugalzhar

«КҮМІС ЖАС»: 64 АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

admin_mugalzhar

ГҮЛІМ МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.