«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ: ЖӘРДЕМАҚЫ ТӨЛЕНЕДІ

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес төтенше жағдай кезінде кейбір санаттағы адамдарға арнайы қаржы бөлініп, көмек беру қолға алынды.
Атап айтқанда, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларына азық-түлік пен тұрмыстық заттар алу үшін ақшалай түрде әр балаға 5647 теңгеден төлеу қолға алынды.

Аталмыш көмек наурыз айында Мұғалжар ауданы бойынша АӘК алатын 351 отбасының 6-18 жас аралығындағы 663 баласына төленді. Бұл төлем республикалық бюджеттен бөлінді.

Ал жергілікті бюджеттен қарастырылып, көмек ретінде берілетін 20 мың теңге 6 санат бойынша: 1-ші және 2-ші топ мүгедектеріне, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға, мүгедек баланың күтімімен айналысатын ата-анаға, әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын амбулаториялық ем алушы науқастарға (АИТВ, қатерлі ісікпен ауыратын, туберкулез), отбасы табысын жан басына шаққанда әрқайсысына күнкөріс деңгейінен (27666 теңге) кем болған жағдайда аз қамтылған отбасыларына беріледі.

Бұл жәрдемақы 1 сәуірден бастап есептеліп, 20 сәуірге дейін есепшотқа аударылады. Төтенше жағдайдағы көмек бір адамға тек бір санат бойынша беріледі.

Айта кететін жәйт, бұл шаралар төтенше жағдай кезіне ғана арналған, төтенше жағдай тоқтатылған жағдайда төлем де тоқтатылады. Сонымен қатар, көмек алу үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен жұмыспен қамту орталықтарына келудің қажеті жоқ.

Барлық санаттағы көмек алушылардың тізімі ақпараттық жүйе арқылы, яғни, «Е-халық» жүйесі мен аудандық орталық зейнетақы төлеу бөліміндегі тізім арқылы автоматтық түрде жасақталады. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған азаматтың жеке есеп шотына аудару арқылы жүргізіледі.

Ұқсас ақпараттар

САҚТЫҚ ШАРАСЫ — ӨМІРДІ ҚҰТҚАРАДЫ

admin_mugalzhar

988,8 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды

admin_mugalzhar

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 100-ден аса елдің спортшылары қатысады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.