«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Биыл 15 млн шаршы метр тұрғын үй салынады – Асқар Мамин

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин өңірлерге құрылыс жұмыстарын уақытылы бастауды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі жағдайдағы Үкіметтің ең маңызды міндеті – құрылыс қарқынын ұлғайту, халықты тұрғын үймен қамту, жұмыс орындарын сақтау және жаңа жұмыс орындарын құру. Бүгінде құрылыс саласында шамамен 700 мың адам жұмыс істейді. Осы жылы шамамен 15 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған. Құрылыс индустриясын дамыту бойынша жобалар іске асырылатын болады. Бұл ретте құрылыс саласы қазіргі уақытта экономиканың дамуының маңызды секторларының бірі болуы тиіс», — деді А. Мамин Үкімет отырысында.

Осы орайда ол Индустрия және инфрақұрылымды даму министрлігі мен әкімдіктер жоспарланған тұрғын үй көлемін тапсыруды әрі бөлінген қаражатты толық игеруді қамтамасыз етуі тиіс екенін айтты.

«Құрылыс маусымын уақытында бастаудың маңызы өте зор. Құрылыс орындарына инженерлік инфрақұрылым жеткізу бойынша 7 өңір ғана жобаларды іске асыруды бастаған. Бұл тұрғыда Атырау, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Түркістан облыстарын атап өткен жөн», — деді Үкімет басшысы.

Ұқсас ақпараттар

ЖҰРЫНДЫҚТАР ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНҒА ҮЛЕС ҚОСУДА

admin_mugalzhar

Сенімділік – жаңа күш: The National Interest басылымында Президенттің мақаласы шықты

admin_mugalzhar

Пробация қызметкерлері ақтөбеліктің жаңа үйінің іргетасын құйып берді

admin_mugalzhar