«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

118 ОТБАСЫ, 604 АДАМ АӘК АЛАДЫ

Атаулы әлеуметтік көмек — жан басына шаққандағы орташа айлық табысы кедейлік шегінен төмен жеке адамдарға (отбасыларға) мемлекет ақшалай нысанда беретін төлем. Қолданыстағы ереже бойынша, атаулы әлеуметтік көмек әр жан басына шаққандағы орташа табысы кедейшілік шегінен төмен азаматтарға тағайындалады.

Аудандық «Мансап» орталығының мамандары 2024 жылдың 1-тоқсанына кедейлік шегі 31 173 теңгені құрағанын айтады. Олардың берген мәліметінше, аудан бойынша қаңтар айында атаулы әлеуметтік көмекті 118 отбасында 604 адам алған. «Атаулы әлеуметтік көмектің негізгімақсаты — ақшалайтөлемтүріндеқолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару. Осының үдесінен шығу мақсатында АӘК алғандар қатарында 11 адам ақылы қоғамдық жұмысқа, 1 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа жолданды», — деді «Мансап» орталығының кеңесшісі Миткел Ұзақбаева.

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбелік кәсіпкер блокпосттағы адамдарды арнайы киіммен қамтамасыз етті

admin_mugalzhar

САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ МАМАНДАР АУДАНҒА КЕЛДІ

admin_mugalzhar

Бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Ақтөбеден 7 спортшы қатысады

admin_mugalzhar