«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Алматы әкімдігі кейбір тұрғындарға 42500 теңге неге берілмегенін түсіндірді

Алматыда қалалық Әл-ауқат басқармасының басшысы Рахат Шимашева 275 тұрғынға неге 42500 теңге көлемінде әлеуметтік көмек берілмегенін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алғашқы күндері өтініштер ағыны көп болғанда ескерту жасалды. Көпшілігі форманы дұрыс толтырмаған. Оның ішінде деректер дұрыс көрсетілмеген. Қалада тегі ұқсас адамдар өте көп. ЖСН, есеп шот нөмірін дұрыс көрсету қажет еді. Осындай дұрыс толтырылмаған 275 өтініш кері қайтарылды. Олар қателерін жөндеп қайта тапсырса болады», — деді Р.Шимашева.

Оның айтуынша, әлеуметтік көмекке тапсырған тұрғындарға 3 жұмыс күнінің ішінде СМС арқылы жауап келеді.

Ұқсас ақпараттар

Асхат ШАХАРОВ: Санға емес, сапаға жұмыс істеу керек

admin_mugalzhar

Жарты жылдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнім төмендеді — Дәленов

admin_mugalzhar

«Халқы 2-3 миллионға жетеді»: Нұрсұлтан Назарбаев болашақта елорданы қалай елестетінін айтты

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.