«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ИГІ ІСКЕ ЕРІКТІЛЕР ДЕ ҮЛЕС ҚОСУДА

Ел басындағы бүгінгі жағдайда аудан еріктілері «Біз біргеміз!» деген ұранмен игі істерге өз үлестерін қосып, халықпен бірге екендіктерін іспен дәлелдеуде.
Қандыағаш қаласындағы халық көп шоғырланған «Алаң» базарының маңында және жәрмеңкеде жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен еріктілер «Гигиена — денсаулық негізі» тақырыбында жұқпалы індеттің алдын алу мақсатында тегін бетперделер таратты. Сонымен қатар, дәріханадағы бетперделердің тапшылығына байланысты үйден бетперде тігіп кию туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Қала көшелерінде «Сақтықта қорлық жоқ» деген ұран аясында жастар ресурстық орталығының мамандары мен еріктілер коронавирустың алдын алуға арналған бүктемелер таратты.
Індеттің алдын алу мен сақтану, баға тұрақтылығын қадағалау мақсатында аудандық мәслихат хатшысы, депутаттары, учаскелік полиция, СЭС қызметкерлері және еріктілерден құрылған жұмыс тобы кәсіпкерлік нысандарды аралады.
Ауданымыздан шығар 3 негізгі жолдардағы блок-бекеттерде тәулік режимде халық үшін қызмет етіп жатқан полиция, медицина және әкімшілік қызметкерлерге тегін түскі ас таратты.
Ел еңсесін — ер көтерер» қамқор бағытының еріктілері көпбалалы отбасыларға азық-түлікпен жәрдемдесті.
Ембі қаласы мешітінің бас имамы Н. Тұрсынқұловпен бірігіп, Ембі еріктілері 100-ден аса бетперде тігіп таратты.
«Қазақстан Теміржолы жастары» теміржол ардагерлеріне көмек көрсетіп, «Пайдалану вагон депосының» бір ауысым қызметкерлеріне тегінбетберде таратты. Сонымен қатар блок-бекеттерде тұрған қызметкерлерды ыстық тамақпен қамтамасыз етті.
Игілікті іске ауданның жеке кәсіпкерлері де өз тараптарынан үлес қосуда. Атап кетсек, «Авицена» медициналық орталығының басшысы Алия Букембаева 1 отбасыға азық-түлік және дәрідәрмектерін алып берсе, «Фин-Люкс» ЖШС және «Светофор» сауда дүкені де мұқтаж отбасыларға азық-түлік таратты. «Қандыағаш той» ұйымдастыру орталығы инстаграмм парақшасындағы өз оқырмандарымен бірлесіп, қаржы жинап, бірнеше отбасыға тегін азық-түлік жеткізді.
Айгерім ДАРХАНҚЫЗЫ

Ұқсас ақпараттар

Сбербанк запустил услугу медстрахования клиентов «Сбереги себя»

admin_mugalzhar

Ақтөбеде ерлі-зайыпты азаматтар коронавирус инфекциясын жұқтырды

admin_mugalzhar

Биыл Ақтөбеде 2 мың пәтер беріледі

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.