Қазақстанда карантин режимі қандай жағдайда жеңілдетіледі?

0
93

Премьер-министр Асқар Мамин Қазақстанда қандай жағдайда карантин режимі жеңілдетілетінін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“20 сәуірден бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин ережесі жеңілдетілді, өндірістік кәсіпорындар мен құрылыс салаларының, сондай-ақ, тағы кейбір салалардың жұмысы қайта басталды”, – деді Мамин.

“Елдегі эпидемологиялық жағдайда ескере отырып, әрі қарай ақырындап карантин ережелерін жеңілдетеміз. Кейбір кәсіпорындар мен бизнес субъектілеріне жұмысқа шығуға рұқсат беріледі. Бірақ бұл тек санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік жағдайы қатаң сақталған кезде ғана мүмкін болады. Елжан Амантайұлы (Біртанов – денсаулық сақтау министрі), өтінеміз, барлығын қатаң бақылауда ұстаңыз”, – деді Мамин үкімет отырысы барысында.