«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Тағы бір мемлекет коронавирусты жеңгенін хабарлады

Исландия коронавирусты жеңгенін хабарлады. Елдегі COVID-19 жұқтырған науқастардың 97 пайызы айығып шыққан, — деп хабарлайды РИА Новости

«1799 адамның коронавирус тестінің нәтижесі оң болған. Оның 1750-і аурудан айығып шықты. Өкінішке қарай, 10 адам коронавирус құрбаны болды», — делінген хабарламада. 

Бүгінде Исландияда коронавирус жұқтырған 39 адам бар. Оның үшеуі ауруханада, алайда олардың жағдайы тәуір. Исландия билігі 4 мамырда 16 наурызда енгізілген шектеу шараларын алып тастады. 

Еске салайық, бұған дейін Мавритания дүние жүзінде коронавирусты жеңгенін хабарлаған алғашқы ел атанды. Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне қарағанда, соңғы күндері COVID-19-дан қайтыс болғандар жоқ, тестілеулер де коронавирус жұқтырғандарды таппаған. 

Елдегі эпидемия кезінде 17 адам вирустан айығып, бір адам қайтыс болған. Мавританияда коронавирус жұқтырудың алғашқы дерегі 13 наурызда тіркелген. Сол кезде елде шекара жабылып, жиналыс өткізуге тыйым салынған. Сондай-ақ, мектептер, мейрамханалар мен базарлар жұмысын тоқтатқан. Билік түнде комендант сағатын енгізген.  

tengrinews.kz

Ұқсас ақпараттар

Жұмыссыз қалған қазақстандықтар үшін жақсы жаңалық жарияланды

admin_mugalzhar

Аймағамбетов мектептер қашаннан бастап 12 жылдық оқытуға көшетінін айтты

admin_mugalzhar

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстанда Ядролық отын циклі және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы өңірлік құзыретті кеңес құруды ұсынамыз»

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.