«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АҚЫЛАЙДЫҢ ЖҮЛДЕСІ

Ұлы Абайды насихаттап, өлеңдерін жатқа оқитын кітапханашы Ақылай Тілек облыстық «Абай оқулары — 2020» онлайн байқауға қатысып, жүлделі ІІ орынды жеңіп алды.

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған байқауды Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі ұйымдастырды. Байқауға облыс бойынша мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты мәдениет қызметкерлері қатысты. Аталған байқауға аудандық орталық кітапхананың кітапханашысы Ақылай Тілек қатысып, «Жатсам орным қара жер сыз болмай ма?» атты өлеңін жатқа оқып, бейне таспаға түсіріп, жолдаған. Облыстың мәдениет қызметкерлері арасынан үздік шыққан Ақылай Еренқызы жүлделі орынға ие болып, арнайы дипломмен марапатталды.

Ұқсас ақпараттар

КТО СКРЫВАЕТСЯ ЗА КАДРОМ?

admin_mugalzhar

ЕЛІМІЗДЕ 100 ФУТБОЛ АЛАҢЫ САЛЫНАДЫ

admin_mugalzhar

Алматыға Хабиб Нурмагомедов келді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.