«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Forbes ең табысты актерлердің рейтингін жариялады

Әлемдегі ең табысты актерлер рейтингінде бір жылда 87,5 млн доллардан астам табыс тапқан Дуэйн Джонсон көш бастады, — деп жазады 24.kz

Екінші орында 71,5 млн доллар табысымен Райан Рейнольдс тұр, деп хабарлады Forbes. Үшінші орынды Марк Уолберг иеленді. Оның бір жыл ішіндегі табысы 58 млн долларды құрайды. Бұл тізімге негізінен Голливуд жұлдыздары енген. Олардың қатарына Бен Аффлек (төртінші орын, 55 млн доллар) және Вин Дизель (бесінші орын, 54 млн доллар) кіреді. Рейтингке үнді актері Акшай Кумар да енді. Оның бір жылдық табысы 48,5 млн доллар болады.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанның энергетика саласы жылыту маусымының нәтижелі аяқталғанын және алдағы ауқымды жаңғырту жұмыстары жайында хабарлады

admin_mugalzhar

Ақтөбе облысында жолдарды бақылау үшін дрондар қолданылады

admin_mugalzhar

Еліміздің мектептерінде тамақтанудың жаңа стандарты 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап енгізіледі

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.