ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

0
362

МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ ҚҰРАНИЯ АЙМАҒАНБЕТОВ ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТКЕН ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫНА МӘСЛИХАТ ХАТШЫСЫ РОЗА МҮСЕНОВА МЕН МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ ҚАТЫСТЫ.

Комиссия отырысында аудан бойынша ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында атқарылған істер туралы баяндама жасаған Мұғалжар ауданы бойынша мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық дәрігері  Ю.Веселовский малдың бруцеллез ауруының көбейіп бара жатқандығын, оның алдын алу үшін дезинфекциялық жұмыстардың тұрақты жүргізіліп тұратынын айтты. Жиын барысында әлеуметтікмәдени нысандардың жылу маусымына дайындығы туралы айтқан “Мұғалжар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” ММ-нің жетекші маманы Тілектес  Шыңдаулова аудандағы барлық тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарына 48 жылу қазандығы арқылы жылу берілетінін, оның 25-і көгілдір отынмен, 18-і қатты отынмен, 5 қазандық сұйық отынмен жылытылатынын, бүгінде жоспарға сәйкес жылу маусымына дайындықтың жүргізіліп жатқандығын жеткізді. Сонымен қатар, елді мекендерді ауыз сумен, газбен қамту жұмыстарының жүйелі түрде жүргізіліп жатқандығын да тілге тиек  етті. “2020-2022 жылдарға арналған Мұғалжар аудандық бюджетін бекіту туралы” шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі бойынша сөз алған аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ғ.Асқаров 2020 жылында мектеп оқушыларын қашықтан оқытуға байланысты облыстық бюджеттен 260 322,0 мың теңгенің бөлінгенін атап көрсетті. – Бөлінген қаржының 190000,0 мың теңгесі компьютер жинағын сатып алуға, 38 100,0 теңгесі роутер алуға жұмсалды. Ал 32 222,0 мың теңге табысы аз еңбекке қаблетті мүгедектерге жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру үшін гранттарға бөлінді, – деді ол. Аудандық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Н.Сарсенов 2019 жылы атқарған жұмыстарының жылдық есебін және мәслихат депутаттарының жыл бойы атқарған істері жөнінде ақпарат берді. Күн тәртібіне қойылған өзге мәселелер бірауыздан қолдау тапты.

Н.ТІЛЕП