«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖЕТІ АЙДЫҢ ЕСЕБІ БЕРІЛДІ

Дүйсенбіде аудандық мәслихаттың кезекті елу сегізінші сессиясы өтті. Сессияға аудандық мәслихат депутаттары мен бөлім басшылары, қоғамдық кеңес мүшелері қатысты. Сессия отырысында аудан әкімі Асқар Шериязданов 2020 жылдың жеті айында атқарған жұмыстары туралы есеп берді.

Ауданның жалпы бюджет көлемі  17,4 млрд.теңгені  құрайды. Оның ішінде 5,7 млрд. теңге республикалық, 9,5 млрд. Теңге облыстық, 2,2 млрд. теңге аудандық бюджет. Жартыжылдықтағы бюджеттің орындалуы 5,1 млрд. Теңгені  құраған. Ауданның әлеуметтік-экономикалық салаларында да оң өзгерістер бар. Шілде айының қорытындысы бойынша, өнеркәсіп саласының көрсеткіші  101,2 пайыз, ауылшаруашылық -114,3, тұрғын үй -105,4, құрылыс -100,7 пайыз болған. Ауыл шаруашылығы саласында біршама өсім бар. Мал басының  да саны артқан. Қазіргі таңда аудан бойынша  56401 ірі қара, 187044 қой-ешкі, 16483 жылқы, 300 түйе бар. Мемлекеттік «Сыбаға», «Еңбек» «Қарапайым заттарэкономикасы»  бағдарламасы аясында 25 шаруа қожалығы кәсіптерін кеңейтіп, бағдарлама игілігін көруде. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы жан-жақты баяндаған аудан әкімі әлемді жайлаған індеттің салдары ауданның шағын кәсіпкерлік саласына біршама зиян келтіргенін атап көрсетті.  Ауданда 3362 шағын орта бизнес субъектілерінде 6502 адам жұмыс жасайды. «Бастау бизнес» бағдарламасы аясында былтыр 400 адам оқыса, биыл курсты бар-жоғы 63 адам оқыған. 27 кәсіпкер несие алып, 37 адам қайтарымсыз грантқа ие болған. Ауданда «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында құрылыс саласында барлығы 40 жоба іске асырылуда. Бүгінгі таңда 19 көшеге асфальт жабындысы төселіп, 4 мектеп күрделі жөндеуден өтіп, 4 көшеге су және кәріз жүйелері салынып, Қандыағаш қаласындағы 25 көп қабатты үйдің аулалары абаттандырылып, көшелерге жарық шамдар орнатылуда. Сондай-ақ, 2 спорт алаңы салынып, Қандыағаш қаласындағы орталық стадион күрделі жөндеуден өтуде. Үстіміздегі жылы «Жұмыспен қамту» бағдарламасымен 1828 жұмыссыз жұмыспен қамтылып, 416 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алған. 1-3, 3-6 жас аралығындағы 558 балаға әлеуметтік азықтүлек пакеттері таратылған. Пандемияға байланысты жарияланған төтенше жағдай кезінде ауданның 16879 азаматы 42500 теңге көлемінде көмек алған. Коммуналдық төлем 50 пайызға төмендеген. Аудан басшысы өз есебінде аудан аумағында орналасқан 37 мектептің 21-і дәстүрлі оқитынын, биылғы оқу жылының алғашқы тоқсанын қашықтан оқитын оқушылар үшін 813 ноутбук сатылып алынғанын айтты. Оқушыларды оқулықпен қамтамасыз ету үшін 93 млн. теңге бөлінгенін де жеткізді. Індеттің беті қайтып, жағдайдың біршама тұрақталғанын тілге тиек еткен аудан әкімі әлі де қауіптің сейілмегенін, сақтық шараларын қатаң сақтау керектігін ескертті.  Пандемия кезінде науқастарға көмек көрсеткен медицина қызметкерлеріне алғыс білдірді. Сонымен қатар, ауруханада ем алған науқастарға ыстық тамақ пен пайдалы дәруменді жемістер жеткізген кәсіпкерлерге де ризашылығын білдірді. Алдағы уақытта індеттің екінші толқынына төтепберуүшін бұрынғы аудандық Туберкуллез ауруханасының ғимаратын 150 орындық « Мобильді ПЦР орталығы» етіп жасақтауды жоспарлап отырғанын айтқан баяндамашы , «Орталық арнайы зертханамен, көрсетілетін медициналық көмектің барлық аппараттарымен жабдықталады. Бұл орталық ашылған жағдайда ауданмен іргеліс өзге аудандардың тұрғындарына да қызмет көрсететін болады», — деді. Сессия барысында мәслихат депутаттары Құрания Аймағанбетов сөз алып, көп қабатты үйлерге жапсарласып салынып жатқан кәсіпкерлік ғимараттардың талапқа сай еместігіне шағым айтты. Ал, «Шапағат» ауруханасының басшысы Аманжол Адаев орталық базар алдында тас жолдың тұйық екенін, бір бағытты етіп Баймұхамбетов көшесіне қосу жөнінде мәселе көтерді. Өз кезегінде аудан әкімі бұл мәселелердің  алдағы уақытта қалалық қоғамдық бірлестік мүшелерінің қатысуымен қаралатынын айтты. Сессияға қатысқандар аудан әкімінің жартыжылдық  жұмысына «қанағаттанарлық» деп баға берді.

Нұрғаным КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

«Жасыл» мәртебесі бар тұрғындар ғана кіре алады

admin_mugalzhar

САБАҚ БАСТАЛАДЫ. ДАЙЫНСЫҢ БА, ОҚУШЫ?

admin_mugalzhar

Алғыс айту күні қарсаңында мұғалжарлық волонтерлар марапатталды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.