«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Данэлия Тулешова America’s Got Talent шоуының жартылай финалына өтті

Қазақстандық әнші Данэлия Тулешова America’s Got Talent шоуының жартылай финалына өтті. Бұл туралы ол өзінің instagram-дағы парақшасында жазды. «Келесі кезеңге өткеніме сене алар емеспін. Сіздерге айтар алғысым шексіз. Жартылай финалда сенімдеріңізді ақтау үшін барымды саламын. Дауыс берген әрбір жанға рақмет! Сіздерді жақсы көремін және өте бақыттымын!» – деді өнерпаз. Жобаның ширек финалында жерлесіміз Гарри Стайлстың Sign of the Times әнін орындаған болатын. America’s Got Talent шоуының 15-маусымында әділқазы алқасына жоба негізін қалаушысы әрі продюсері Саймон Коуэлл, актриса София Вергара, сән әлемінің жұлдызы Хайди Клум мен әзілкеш Хоуи Мэндел енген. Ал жүргізушісі – Терри Крюс. Танымал шоудың 15-маусымы 26 мамырда NBC телеарнасында басталды, ал 29 мамырдан бастап Netflix UK көрсетуде. Данэлия жобаның алғашқы турында канадалық әнші Faouzia-ның Tears of Gold әнін орындаған болатын.

24.kz

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда халық санағы 2021 жылға шегерілді

admin_mugalzhar

21 АДАМ АУРУХАНАДА ЕМ АЛУДА

admin_mugalzhar

Засуха погубила половину урожая зерновых

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.