«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

19 ЖОЛ АПАТЫ ТІРКЕЛІП, 3 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ

Аудан бойынша жыл басынан бері жол жүру тәртібін сақтамаған, құқық бұзушылықтың 2107 жағдайы тіркелген. Бұл туралы аудандық Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Самат Абдиров хабарлады.

Аудан бойынша жыл сайын жол-көлік оқиғаларының саны артып барады. Жол апатының орын алуына жылдамдықты шегінен асырған, алкогольдік ішімдіктер, психоактивті және нашақорлық препараттарды пайдаланған жауапсыз жүргізушілер жауапты. Көлік жүргізушісі ойының бөлінуіне смартфондар мен басқа құрылғылар кері әсерін тигізуде. Жергілікті полиция қызметі биылғы жылы мас күйінде көлік жүргізген 66 адамның жолын кескен. Ал заңды белден басқандар есебінен мемлекет қазынасына 11835052,12 теңге өндірілген. Алайда, жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза болатындардың саны азаймай отыр. Жыл басынан бері өңірде 19 жол апаты тіркеліп, салдарынан 3 адам көз жұмған.

Н. КЕСІКҚҰЛ.

Ұқсас ақпараттар

«MEDLIFE+» СТОМАТОЛОГИЯСЫ: БАЛАЛАРҒА ТЕГІН ҚЫЗМЕТ

admin_mugalzhar

Еңбек министрі: 30 мың ер адам жұмыс істемей, АӘК-пен күн көруде

admin_mugalzhar

ЖЕҢІСПЕН КЕЛДІ БАЛАЛАР

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.