«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Санитарлық-эпидемиологиялық қызметке арнайы көліктер берілді

Ақтөбе облысының санитарлық-эпидемиологиялық қызметі COVID-19-ға қарсы күрес үшін мамандандырылған автокөлікпен қамтамасыз етілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, ұлттық санитарлық-эпидемиологиялық қызметті күшейту мақсатында еліміздің шалғайдағы өңірлері коронавирустық инфекцияның қайта өршуіне жол бермеу үшін мамандандырылған автокөліктермен жабдықталып жатыр.

Кеше сегіз арнайы көлік Ақтөбе облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті құрамындағы 12 аудандық басқарманың 8-іне салтанатты түрде тапсырылды.

—  Мамандандырылған жаңа көліктер Алға, Мұғалжар, Әйтеке би, Ырғыз, Шалқар, Хромтау, Мәртөк, Ойыл аудандық басқармаларының жұмысы барысында пайдаланылады. Аталған мамандандырылған көліктер коронавирус індетінен басқа да инфекциялық аурулардың эпидемиологиялық ошақтарын, нысандарды зерттеуге лайықталған. Жаңа  мамандандырылған көліктердің берілуі біз үшін өте маңызды, себебі, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің көлік паркінің тозуы 90%-ға жетіп отыр, парк 10 жылдан астам уақыттан бері жаңартылмаған. Қалған 4 аудандық басқарма да алдағы уақытта осындай көліктермен жабдықталады. Облыс аумағы үлкен, кейбір аудандар облыс орталығынан әлдеқайда шалғайда жатыр, елді мекендер көп, сондықтан, жедел әрі тиімді зерттеу жүргізу кезінде мамандандырылған автокөліктерсіз жүру қиын. Яғни, бұл көліктер дер кезінде берілді, — дейді облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева.

Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ, «Ақтөбе» газеті.

Ұқсас ақпараттар

Очередная победа Нуртаса

admin_mugalzhar

БЕРЕЖНО ХРАНИМ ТРАДИЦИИ И ОБЫЧАИ

admin_mugalzhar

В «САМАЛЕ» НАЧАТО СТРОИТЕЛЬСТВО ДОРОГ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.