«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда демалыс күнері тағы локдаун енгізіледі

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой демалыс күндері елімізде тағы да карантин шаралары қатаңдатылатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

«Қазақстандағы вирус таралу динамикасын бірқалыпта ұстау және эпидемиялогиялық жағдайды бақылау үшін елімізде демалыс күндері кейбір шектеу шаралары және локдаундар сақталады», — дейді денсаулық сақтау министрі. 

Қазақстанда әлі де көпшілік жиналатын шараларды ұйымдастыруға, ресторандардың, қоғамдық орындардың, барлардың, түнгі клубтардың, караоке, фудкордтар мен аквапарктердің, бассейндердің жұмыс істеуіне шектеу қойылған. 

Демалыс күндері сұлулық салондары, СПА орталықтары, фитнес орталықтар, спорт залдар, бассейндер, сауналар мен ашық алаңдардағы атракциондар өз жұмыстарын тоқтатады. 

Ұқсас ақпараттар

ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨЛІКТЕРІ БЕРІЛДІ

admin_mugalzhar

ЕМБІЛІК АРДАГЕРЛЕРДІҢ ЕРЛІГІ МЕН ЕҢБЕГІ ЕЛЕНДІ

admin_mugalzhar

Мүмкіндігі шектеулі 266 азамат жұмысқа орналасты

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.