«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбелік шаруаларға қосымша субсидия беріледі

Ақтөбе шаруалары қосымша субсидия алатын болды. Төрт-түліктің жем-шөбі бағасын арзандату үшін жергілікті бюджеттен алты жарым миллиард теңге қаржы бөлінеді. Бұл сома 50 бас аналық ірі қарасы бар немесе 300 бас қой-ешкі бағатын қожалықтарға үлестіріледі. Мамандардың айтуынша, биыл шөп мардымсыз шыққан. Сондықтан мал азығы қорын қамтамасыз ету үшін шығын жылдағыдан әлдеқайда көп. Дегенмен шенеуніктер шабындық жер жеткілікті дейді. Қазір облысқа қажетті қыстық мал азығының 63 проценті жиналған. Қосымша субсидия шаруаларға тамыз айында берілуі тиіс.

Асылхан Абтиев, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

– Шаруашылықтарға бөлінетін субсидия бойынша арнайы критерийлер бар. Мал басы қанша болуы керек немесе бір бас малға шаққанда қанша субсидия төленетіні туралы есептер жасалып жатыр. «Атамекен», «Шаруалар кеңесі» палаталары бар, солардың барлығының ұсыныстарын тыңдап, сосын бір ортақ шешімге келеміз.

24.kz

Ұқсас ақпараттар

КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

admin_mugalzhar

ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛДЫ

admin_mugalzhar

ОДОБРЕНО 21 БИЗНЕС-ПРОЕКТОВ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.