«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Нұр-Сұлтанда ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

19-20 қыркүйекте 2018-2021 жылдарға арналған азық-түлік белдеуін қалыптастыру бойынша жол картасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар аясында Нұр-Сұлтан қаласында Қонаев көшесі мен Тұран даңғылының қиылысында, «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығының жанында Ақтөбе облысы тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Бүгін Ақтөбе қаласынан ауыл шаруашылығы өнімдерін тиеген автокеруен Нұр-Сұлтан қаласына аттанды.

Жәрмеңкеге облыстың 12 ауданынан және Ақтөбе қаласынан 20-дан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындар қатысады.

Жәрмеңкеде елордалықтарға 62,0 тонна ет, 83,0 тонна картоп пен көкөніс,12,0 тонна сүт өнімдері, 5,0 тонна өсімдік майы,13,0 мың дана жұмыртқа, 5,0 тонна балық, 0,5 тонна бал, 7,0 тонна шұжық өнімдері, 5,0 тонна ұн өнімдері, 5,0 тонна алькогольсіз сусын, 19,0 тонна басқа да ауылшаруашылық өнімдері ұсынылады.

Жәрмеңкедегі өнімдер Нұр-Сұлтан қаласы базарларының бағасынан 15-20 пайызға арзан бағаға сатылатын болады. Облыстан елордаға жеткізілетін өнімнің жалпы көлемі — 216,5 тонна.

Жәрмеңкеде облыстың қайта өңдеу кәсіпорындары, атап айтсақ, «Айс+», «Агрофирма Тау» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері сүт өнімдерін, «Шыңғыс», «Абылай», «Шекшек Ата» қожалықтары қымыз, шұбат, ешкі сүтін, «Жаңа-Әлжан диірмен комбинаты», «Рамазан», «Ақтөбе-Нан» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері ұн, макарон өнімдерін, «Айбек», «Степное», «Рокос» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері шұжық өнімдерін, «Изет Грин Хаус», «Гринхаус Казахстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері жылыжайларындағы көкөніс өнімдерін елорда тұрғындарына ұсынбақшы.

Данагүл ҚАЗИХАН, «Ақтөбе» газеті.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстан құрамасының Токио Олимпиадасына арналған киім үлгісі ұсынылды

admin_mugalzhar

ҚАРАҒҰЛ ТАМЫ — ТАРИХИ ОРЫН

admin_mugalzhar

Ақтөбе облысы президент тапсырмасын тиімді орындауда

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.