«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Жаңатұрмыс ауылында апатты көпірдің орнына жаңасы салынды

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданына қарасты Жаңатұрмыс ауылына кіреберіс жолда жаңа көпір пайдалануға берілді. Бұл нысан ауыл тұрғындары үшін жылдар бойы қордаланған ең өзекті мәселелердің бірін шешті.

Бұған дейін аталған жерде апатты жағдайда ескі әскери көпір болған. Ол қауіпсіздік талаптарына сай келмеді, көктемгі су тасқыны кезінде қозғалыс мүлде тоқтайтын. Соның салдарынан ауыл бірнеше рет көлік қатынасынсыз қалды.

Жаңа көпір Мемлекет басшысының өңірлердегі елді мекендердің инфрақұрылымын жүйелі дамыту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында салынды. Жобаның құны 15 миллион теңгеден асты. Көпірдің биіктігі – 3 метр, ені – 7 метр, бұл көлік қозғалысының қауіпсіз әрі жыл бойы үздіксіз жүруін қамтамасыз етеді.

Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстар өзге де салаларда жүзеге асырылуда. Соңғы екі жылда Жаңатұрмыс ауылында (29 үйде 142 адам тұрады) бірқатар әлеуметтік маңызы бар жобалар іске асырылды. Атап айтқанда, ауылға газ тартылып, ұялы байланыс мұнарасы орнатылды және интернет желісі қосылды. Сонымен қатар, блок-модульді су тарту нысаны жұмыс істеп тұр, жергілікті негізгі мектепке күрделі жөндеу жүргізілді.

Жаңатұрмыс ауылының тарихи-мәдени маңызы да ерекше. Бұл ел ғылымы, білімі мен мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан көрнекті қазақ зиялылары – Құдайберген және Ахмет Жұбановтардың туған жері.

Жаңа көпірдің ашылуы ауыл тұрғындары үшін маңызды оқиға болып, ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту жолындағы тағы бір нақты қадамға айналды.

Ұқсас ақпараттар

“Қоғам өмірінен ешкім де тыс қалмауы керек”

admin_mugalzhar

Құн салығы неге көтеріледі?

admin_mugalzhar

“ЖАСТАРМЕН БІРГЕ-ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА” КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.