«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда темекі қымбаттайды

Қазақстанда темекі өнімдерін сатудың жаңа шарттары 1 қазаннан бастап күшіне енеді. Осыған байланысты темекі белгіленген мерзімінен бұрын қымбаттайды, — деп хабарлайды «Хабар 24».

Телеарна мәліметінше, жаңа таңбалау жүйесіне байланысты темекі өнімдері алты пайызға қымбаттайды. Егер қазір бір қорап темекі орташа есеппен 440 теңге болса, 1 қазаннан бастап 470 теңге болады.

Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері цифрлық таңбалау тауардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететінін, сондай-ақ контрафактінің қазақстандық нарыққа енуіне жол бермейтінін атап өтті. 

Сондай-ақ, дереккөз мәліметінше, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап бір қорап темекі орташа есеппен 500 теңге, тағы жарты жылдан кейін — 520 теңге болады. Ал 2023 жылға қарай оны 600 теңгеге сатып алуға болады. Бұл таңбалаумен емес, акциздік ставканың өсуімен байланысты дейді.

Ұқсас ақпараттар

АУДАНДА 1349 АДАМ АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЛАДЫ

admin_mugalzhar

АРДАГЕРГЕ ҚҰРМЕТ

admin_mugalzhar

Қазақстандықтардың 1,6 млн-нан астам несиесінің мерзімі кейінге шегерілді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.