«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАҢА ЖОБАЛАР ЖАСТАРҒА ЖОЛ ТАРТТЫ

Жастар ресурстық орталығы жанынан «Полиглот» тілдерді үйрету курсы жобасы мен «Jas media» студиясы ашылды. Ашылу салтанатына ҮЕҰ қауымдастығының жоба менеджері Ардақ Орынбасарова, жоба үйлестіруші Салтанат Кенжебекова, журналист Айсын Байтақова қатысты.

Ақтөбе облысының «Үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырған «Ақтөбе облысының ауылдық үкіметтік емес ұйымының әлеуетін арттыру» жобасына қатысқан екі мұғалжарлық жас грант жеңіп алған еді. Осы жастар қолға алған аталмыш жоба иелері алдарына үлкен мақсат қойып отыр. Аудан тұрғындарына сапалы жаңалық ұсынып, жастарды шығармашылық тұрғыда дамыту мақсатында ашылған «Jas media» студиясы жастарға арналған тегін заманауи түсірілім алаңы болады деп күтілуде. — Жобаның мақсаты журналист, блогер болам деген жастарды сапалы техникалармен — камера, микрофон, ноутбук, жарық шамы және шағын жұмыс студиясымен тегін қамтамасыз ету. Әлеуметтік желіде және youtube платформасында түрлі контенттер шығару. Жастардың уақыттарын тиімді пайдалану және ақпаратты ғаламтор арқылы тез жеткізе білу, — деді грант иегері Ляззат Бердібаева. Ал екінші грант иегері Мөлдір Жұбандық өзінің ауылы Қайыңды ауылдық округінің аз қамтылған және көп балалы отбасы балаларына ағылшын, орыс және латын графикасын тегін оқыту курсын ашты. Әлемдік пандемияға байланысты оқу орталығы онлайн түрде жұмыс жасайтын болады. Ә.ӨМІРТАЕВ.

Ұқсас ақпараттар

МҰҒАЛЖАР АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

admin_mugalzhar

ЖЕҢІМПАЗ ӘКІМ МАРАПАТТАЛДЫ

admin_mugalzhar

Тоқаев үш жаңа облыстың құрылуы туралы жарлыққа қол қойды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.