Ақтөбе облысы арқылы өтетін жүк көліктер қатаң бақылауға алынады

0
113

Ақтөбе облысын кесіп өтетін транзит жолаушылар да енді жіті бақылауда болады. Әсіресе жүк тасымалымен шұғылданатын көлік жүргізушілері тыңғылықты тексеріледі. Бұл жергілікті тұрғындармен қарым-қатынасты мейлінше азайтып, қауіпті дерттің таралуын алдын алуға бағытталған шара. Қазір құзырлы орган өкілдері тиісті іс-қимыл алгоритімін әзірлеуге кіріскен. Алгортимге сәйкес, жолаушылар мен көлік жүргізушілері облыс аумағынан шығып кеткенше арнайы қызмет мамандары еріп жүретін болады. Айта кету керек, соңғы тәулікте Ақтөбе облысында коронавирус індетін жұқтырған 5 азамат анықталса, оның 3-і сырттан келген. Түркістан облысының екі тұрғыны мен Ресей азаматынан алынған ПТР тест оң нәтиже көрсетті. Облыстық әкімдік өкілдерінің айтуынша, бұл жандар тұрғылықты жерлері бойынша ем қабылдауға жөнелтілді.

Ақпарат көзі 24.kz