Нью-Йоркте жүздеген адам Байденнің жеңісін тойлауға шықты

0
184

Бірнеше жүздеген жас азамат Нью-Йорктің Манхэттеніндегі Вашингтон-сквер саябағына Демократиялық партия үміткері Джо Байденнің сайлаудағы жеңісін тойлау үшін жиналды, – деп хабарлайды “Известия”.

Басылымның мәліметінше, қала орталығындағы полициямен қақтығыс және ұстаудан кейінгі акцияға қарағанда адам көп жиналған. Жас жігіттер мен қыздар бейбіт митингіге шыққан: билейді, гитарамен ән айтады, жүріп келіді. Ауданда полицейлер көп және оларға кедергі жасамайды.

Жиналғандардың көбі Байденді қолдайды немесе мемлекет басшысы болған екі үміткерге де бейтарап қарайды. Алайда кей жерде АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трампты қолдаған транспаранттарды (матаға не қағазға жазылып ілінген ұранды) көруге болады. 

Акция қатысушылары Байденнің жеңісі, сондай-ақ дауыс берудегі сандардың қате еместігін айғайлап айтты. Қатысушылардың бірі бүгінгі жиналыс наразылық шараларынан кейінгі “жаттығу” және Трамптың жеңілісін тойлау екенін айтты. Сондай-ақ ол жұмыс әлі аяқталмағанын, енді олар Байденнің сайлауалды уәдесін орындауын талап ететіндерін атап өтті.

5 қарашада Нью-Йорк тұрғындары қала орталығында Black Lives Matter (“Қаралардың өмірі маңызды”) шеруіне шықты. Полиция агрессия көрсеткен қатысушыларды ұстады. Полицейлер мен Манхэттеннің оңтүстігінде жиналғандардың арасында қақтығыс болды.

Сол күні Нью-Йорк полицейлері қатысушылардан пышақ, ток ұратын құрал және қауіпті петардалар табылғанын мәлімдеді. Митингіге шыққандардың ішінен 20 адам ұсталды.

“Известия” тілшісі митингіге шыққандар ұсталғаннан кейін басқа қатысушылар “Стоп, Трамп” деген жазбаларын жерге тастап тарқағанын хабарлады.