«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Коронавирустың ауыр формасын жұқтырудың тағы бір себебі аталды

Ұлыбританиялық ғалымдар ағзада D дәрумені жеткіліксіз болса, COVID-19 жұқтырған науқастың жағдайы ауырлауы мүмкін екенін анықтады, — деп хабарлайды РИА Новости

Дәрігерлер тобы коронавирус жұқтырғандар мен қайтыс болғандардың статистикасын зерттеді және аурудың ауыр өтуі мен науқастардың тұратын жері арасындағы байланысын анықтады. Сөйтсе D дәруменінің маусымдық жетіспеушілігі болатын аймақтарда коронавирус жұқтырғандар ауруды қиын өткерген.

«D дәруменінің жетіспеушілігі коронавирус жұқтырған науқастың жағдайы ауырлау қаупіне себеп факторды бола алады», — деді дәрігер Гаррет Дэвис.

Сондай-ақ оның айтуынша, толық зерттеу үшін бір жылдық тұтас цикл керек. Ал коронавирус эпидемиясының басталғанына әлі 365 күн болған жоқ.

Зерттеушілер D дәруменінің ағзаға қажеттілігін атап өтті және ол ағзаға коронавирустың енбеуіне тосқауыл болып, қорғайтынын айтады.

Дэвис D дәрумені жеткілікті болса, бақылауға қиын болатын қабынумен күресу оңай болатынын да айтты.

Ұқсас ақпараттар

«Оскар-2023» кинопремиясының номинанттары анықталды

admin_mugalzhar

Қазақстанда темекі қымбаттайды

admin_mugalzhar

Ж.Қалмағанбетов: «Балиғат жасқа толмаған қыз балаға орамал парыз емес»

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.