АЛҚА ТАҚҚАН АСЫЛ ЖАН

0
429

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ Қ.К.ТОҚАЕВТЫҢ 2020 ЖЫЛҒЫ 30 ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ ЖАРЛЫҒЫНА СӘЙКЕС, БАТПАҚКӨЛ ОКРУГІНЕ ҚАРАСТЫ ЖАҒАБҰЛАҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ, НАЗГҮЛ БИЛАЛОВА “КҮМІС АЛҚА” ИЕГЕРІ АТАНДЫ.

36 жастағы алтын құрсақты ана жақында 6-шы перзентін дүниеге әкелген. “Көпбалалы ана атану арманым еді. “Ат – биеден, алып – анадан” демекші, өзіміз бір ана, бір әкеден 8 ағайындымыз. Бүгінде бір әулеттегі үлкен шаңырақтың келіні боламын. Ақылшы енем де бар. Қашан да қолдау танытып келеді. Тұңғыштарымыз – егіздер. Бастапқыда егіз бөбектермен қиындық болды. Өзім – жас, балаға икемсіздеу болдым. Сол кезде жаныма жалау болып, көмегін аямаған анамызға алғысым шексіз. Қазір де балаларыма ардақты әже болып, немерелерінің ортасында шалқып жүрген жайы бар. Бақыт деген осы емес пе?! Әр бала несібесімен демекші, жағдайымыз жақсы, көңіліміз тоқ. Тек осы жақсылықтың бейнетін көрмесек деймін. Үкіметіміз көпбалалы аналарға жақсы жағдай жасап жатыр. “Күміс алқа” иегері болу жақында бұйырды. Деніміз сау болса, ұрпағымыздың көп болғанын қалаймыз. Жас аналарға айтарым, бір баламен шектеліп қалмай, бес-алты баланы дүниеге әкеліп, аналық мол бақытқа кенеле берулерін тілеймін, – дейді Назгүл Ақылқызы.

А.АЛТЫБАЕВА