«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Облыста 27 нысан «Ashyq» жобасынан шығарылды

Өңірде «Ashyq» талаптарын сақтамаған 27 кәсіпкерлік нысаны анықталды. Олардың барлығы 2 аптаға аталған жобадан шығарылдыБелсенділігі жойылған QR-коды бар қатысушылардың толық тізбесін (ҚР Цифрлық даму министрлігінің түсіріліміне сәйкес) облыс әкімдігінің сайтынан көруге болады.

— Өкінішке қарай, кейбір кәсіпкерлер әлі күнге дейін«Ashyq» жобасының бизнестің пандемия режимінде қалыпты жұмыс істеуі үшін жалғыз мүмкіндік екенін түсінбей отырБағдарлама ережелерін орындау қажет, бұл кедергісіз жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Егер жоғарыда айтылған мекемелер «Ashyq» шарттарынтағы да бұзса, олар жобадан екі айға шығарылады, —  дейді Өңірлік кәсіпкерлер палатасының басшысы Сұлупан Шынтасова.

Ақтөбе облысының Кәсіпкерлер палатасы өкілдері ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 22 мамырдағы қаулысымен «Ashyq» талаптарын сақтамаған қатысушыларды шығару алгоритмі бекітілгенін айтады. Оған сәйкес «Ashyq» жобасына қатысушылар мониторингтік топ объектісінде жобаға қатысуға қойылатын талаптарды бұзудың расталған фактілері тіркелсе, объектілерде 3 күннен артық келушілерге check-in жүргізілмесе, оларды жергілікті атқарушы органдар жобадан шығарады. Бұл жұмыс ел аумағында коронавирусинфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімі негізінде жүзеге асырылады.

Сонымен қатар біздің облыс бойынша 24 нысанға «Ashyq» көшбасшылары» мәртебесі берілді. Тиісінше олардың жұмыс уақыты 2 сағатқа артты.

Бүгінгі таңда «Ashyq» жобасына өңірдің 488 нысаны қосылды.

Аталған жоба арқылы облыс бойынша «қызыл» мәртебесі бар 21 келуші (яғни вирус жұқтырғандар) және 67 «сары» келуші (байланыста болғандар) анықталған.

—  «Ashyq» қосымшасына қатысты барлық сұрақтар бойынша кәсіпкерлер палатасына хабарласу қажет. Бизнесті «Ashyq» жобасына белсенді қатысуға, оның шарттарын сақтауға және осы жоба беретін артықшылықтарды пайдалануғашақырамыз, —  дейдіСұлупан Шынтасова.

Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ, «Ақтөбе» газеті.

Ұқсас ақпараттар

АТҚАРҒАН ҚЫЗМЕТІНЕ АЛҒЫС БІЛДІРДІ

admin_mugalzhar

ҚАЛА ТЫНЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

admin_mugalzhar

6 қазанда АЭС бойынша референдум өтеді – Тоқаев

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.