«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Пәтер бағасы қай қалада қымбаттады?

Елде үй қымбаттап жатыр. Баға қаншаға өскен?

Пәтерлер әсіресе, елорда мен Алматыда қымбаттапты.

Көш басында – Алматы мен Нұр-Сұлтан. Жаңа баспаналардың құны жыл басынан бері 5 процентке өскен. Ал екінші нарықтағы пәтерлердің бағасы бірден 11 процентке қымбаттапты. Мұны Finprom.kz хабарлады. Ел бойынша Нұр-Сұлтан қаласында пәтер бағасы шарықтап тұр. Елордада салынып жатқан жаңа үйлердің бір шаршы метрінің бағасы 6 процентке қымбаттап, шаршы метрі 388 мың теңгеден асты. Бас қаладан соң Алматы тұр. Мұнда жаңа үйдегі пәтердің бір шаршы метрі 360 мың теңгеден жоғары. Ал Атырау, Шымкентте жаңа баспананың шаршы метрі 326-333 мың теңгенің айналасында. Биыл жаңа салынған үйлер ғана емес, екінші нарықтағы баспана да қатты қымбаттаған. Мұндай санаттағы ең қымбат пәтерлер тағы да Нұр-Сұлтан қаласында. Шаршы метрі 375 мың теңгеден тұр. Ал Алматыда екінші нарықтағы пәтерлердің бір шаршы метрінің бағасы – 370 мың теңге. Үйлер Атырау мен Ақтауда да қымбаттаған. Жалпы статистика комитетінің дерегінше, 2013 жылға дейін үйі қымбат шаһарлардың тізімінде Алматы көш басында тұратын. Кейінгі жылдары бірінші орынға Нұр-Сұлтан қаласы шықты. Ал ел бойынша ең арзан пәтерлер Қызылорда, Ақтөбе, Түркістан қалаларында. Бұл қалаларда екінші нарықтағы баспаналардың 1 шаршы метрінің бағасы 150-181 мың теңгенің аралығында.

Қазақстанда жұмыртқа бағасы өсіп жатыр

Тек үй емес, елде жұмыртқаның құны да өскен. Бірден 15 процентке. Осы өнімді өндірушілер бағаның шарықтауына тауыққа арналған жемнің қымбаттауы ықпал еткенін айтады. Оның үстіне құс фабрикаларының иелері еліміздің нарығында жұмыртқа тапшы болып жатқанын мәлімдеді. Үш бірдей фабрика құс тұмауы кезінде мыңдаған тауығынан айырылған. Содан кеп, өнім көлемі де азайыпты. Тиісінше баға да өсті. Көрші Ресейде де осы жағдай. Сондықтан кәсіпкерлер жұмыртқа алдағы уақытта да қымбаттайтынын айтады.

Нарықтағы баға

Сонымен жұмыртқаның 10 данасы – Павлодарда 460 теңге. Өскеменде 400 теңге тұрады. Елордада 570 теңгеге алуға болады. Қостанайда жұмыртқаның 10 данасы – 360 теңге. Талдықорғанда – 340 теңге. Ақтауда 390 теңге тұрады. Петропавлда 450 теңгенің шамасында. Ал Оралда 550 теңге.

Пойыз қатынасы сиреді

Елде жолаушы пойыздарының жүруі қысқартылды. Теміржол вокзалдарына күтіп алушылар және шығарып салушылар кіргізілмейді. Қазір ел ішінде эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, 113 жұп пойыз қатынайды. Теміржол вокзалдарында және жолаушылар пойыздарында санитарлық бақылау күшейтілді. Енді ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар және Қостанай облыстары бойынша шектеу шаралары күшейтіліп, пойыз қатынасы қысқартылды. Пойызға отырғызу кезінде жолаушыда ПТР тестің 3 тәуліктен аспаған анықтамасы болмаған жағдайда яки жүру жиілігі өзгерсе билет құны азаматтарға толықтай қайтарылады.

Картамен төлем жасайтындар көбейіп барады

Қазақстандықтар қолма-қол төлемді азайтқан. Бұған дәлел – банк карталарымен төлем жасау екі жарым есеге ұлғайыпты. Өткен 9 айда отандастарымыз картамен жалпы құны 500 триллион теңгеге сауда жасаған. Осы кезеңде 2 миллиард операция жүргізіліпті. Иә. Шыны керек, қолма-қол емес төлем жасау қазір кең тарап кетті. Бұл орайда Алматы тағы көш басында. Мегаполис тұрғындары карта арқылы 8 триллион теңге жұмсаған. Бұл елдегі жалпы көрсеткіштің төрттен бір бөлігін алады. Ал электронды түрде төлем жасау елдің екі аймағында ғана кең тарай қоймаған. Бұл – Ақмола мен Солтүстік Қазақстан облыстары.

Ақпарат көзі 24.kz

Ұқсас ақпараттар

Жұмыс таппағандарға әлеуметтік төлем автоматты түрде тағайындалады — Біржан Нұрымбетов

admin_mugalzhar

Психолог кеңесі: қашықтан оқыту кезінде күйзелісті қалай жеңу керек

admin_mugalzhar

Қазақстанда «Бала нәсібі» атты жәрдемақы енгізу ұсынылды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.