4500 ТҰРҒЫН ҚАЛАІШІЛІК АВТОБУС ҚЫЗМЕТІН ПАЙДАЛАНАДЫ

0
231

ҚАЛАІШІЛІК БАҒЫТТАРДАҒЫ ШАҒЫН АВТОБУСТАРДЫҢ КЕСТЕЛЕРГЕ САЙ ҚАТЫНАУЫН, РЕЙСТЕРДІҢ ТОЛЫҚ ЖАСАЛЫНУЫН КҮНДЕЛІКТІ БАҚЫЛАП, ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАЖЕТТІ ЖЕРІНЕ ЖЕТКІЗУ ҚЫЗМЕТІН “ФИН ЛЮКС” ЖШС-ІТАСЫМАЛДАУШЫМЕКЕМЕСІ АТҚАРАДЫ. БҮГІНГІ ТАҢДА КҮНДЕЛІКТІЕКІ БАҒЫТ БОЙЫНШАЖОЛҒА “ГАЗЕЛЬ” МАРКАЛЫ 38 ШАҒЫН АВТОБУСЫ ШЫҒЫП, ШАМАМЕН 4500 ТҰРҒЫНҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ.

Аталған мекеме бекітілген кесте бойынша күнделікті бақылау жұмыстарын үнемі жүргізіп отырады. Анықталған кемшіліктер және түскен арыз-шағымдар бойынша тиісті шаралар қолданылады.

– №1 бағыттағы шағын автобустар 4-6 минут, ал №2 бағыттағы шағын автобустар әр 7-12 минут сайын қатынайды. Қазір №3 бағытқа қатынайтын автобустар уақытша тоқтап тұр. Бүгінде әлемді жайлаған індеттің кесірінен орын алған экономикалық дағдарыс бізді де айналып өтпеді. Табысымыз бұрынғыдан азайды. Әлемдік дағдарысқа әрі АҚШ доллары бағамының күрт артуына байланысты алыс-жақын шетелден алатын қосалқы бөлшектің бағасы шарықтап кетті, – дейді “Фин Люкс” ЖШСнің директоры Азамат Адаев.

Елде жарияланған карантиндік шектеулерге байланысты автобус жүргізушілері мен кондукторлары әр айналым сайын автокөлік ішіне санитарлық-дизенфекциялық жұмыстарды жүргізіп отыратын көрінеді. Ал бетперде киіп отыру мәселесі бүгінде өз шешімін тапқандай. – Басында міндетті түрде бетперде кию талабын қойған кезде, тұрғындар тарапынан түсініспеушілік болып, шудың шыққаны жасырын емес. Карантиндік шектеулер бәрімізге көп нәрсе үйретті. Бүгінде жолаушылардың өздері саналы түрде сақтық шараларын сақтап, киіп жүреді”, – деді Азамат Аманжолұлы.

Аялдамадан тыс жерлерге тоқтап, адам мінгізіп-түсіру немесе ұзақ уақыт кешігу, жұмысты тастап кетіп қалу, рөлде темекі шегіп, қалта телефонымен сөйлесу сияқты әрекеттердің орын алып жататынын күнделікті көріп жүретініміз жасырын емес. Егерде жүргізуші ішкі тәртіпті өрескел бұзса, тиісті шара қолданылады. Бұл туралы серіктестік басшысының өзі осындай жағдайларға куә болған жолаушылардың +77762842791 WhatsApp нөміріне фото немесе бейне жазба жіберулеріне болатынын айтты.

Н.ТІЛЕП