ІНДЕТПЕН КҮРЕС – ӨЗ ҚОЛЫМЫЗДА

0
190

#СаулықСақтықта

Қазіргі таңда әлем елдерін әбігерге түсірген қауіпті дерт – пандемия жарияланған уақыттан бастап, әрбір ел коронавируспен жергілікті деңгейде ғана күреспей, аурудың ары қарай таралмауына да күш салуда. Сақтық үшін Қазақстандағы жоғары оқу орындары, колледждер және орта білім беретін мектептер қашықтан оқыту формасына көшірілді. Мен қызмет жасайтын Жаңажол ЖББОМ-і де оқу үрдісін қашықтан оқу формасына ауыстырды. Биылғы жаңа 2020-2021 оқу жылында еліміздің түкпіртүкпіріндегі ата-аналардың өтініштері бойынша көптеген мектептерде бастауыш сыныптар арасында “кезекші сыныптар” ашылды. Қазіргі таңда мектебімізде кезекші сыныптарда 110 бала білім алуда. Сынып бөлмелері арнайы талаптарға сай жасақталған. Қалған 5-11 сынып оқушылары қашықтан оқытылуда. Сақтық шараларын тек мектепте ғана емес, үйде де, сыртта да барынша сақтау қажеттігін ұмытпауымыз қажет. Осы орайда ата-аналарға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, сақтық шаралары көрсетілген жадынамалар таратылды. Өзіміздің, балаларымыздың, жақындарымыздың денсаулығын сақтауда аса жауапкершілік танытып, вирустан барынша қорғану үшін бес “алтын” ережені сақтауға шақырамын. Олар: қолды жиі жуу, бетперде тағу, арақашықтықты сақтау, қолмен амандаспау, адам көп шоғырланатын жерде болмау. Елімізде болып жатқан жағдайға барынша түсіністікпен қарап, сабыр танытсақ, бұл жағдайдан да аман-есен шығатынымызға сенімдімін. Ең бастысы, үйде болып, барлық сақтық шараларын сақтап, өзімізгеөзіміз бекем болайық. Жалпы, өз ойымды қорыта келе, халқымыздың арасында кеңінен таралған “сақтансаң – сақтармын” деген қорғасын ойлы қағиданы санамызда қорытып, амалымызға айналдырайық, ағайын! Балсұлу ҚУАНОВА, Жаңажол ЖББОМ-і директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары