«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

А.МАМИН: АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ 7%-ҒА ҚЫМБАТТАДЫ

ПРЕМЬЕР-МИНИСТР АСҚАР МАМИН ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫНЫҢ КӨТЕРІЛГЕНІНЕ НАЗАР АУДАРДЫ. ОЛ СЕНАТТЫҢ ЖАЛПЫ ОТЫРЫСЫНДА 2021-2023 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІ ТАЛҚЫЛАУ КЕЗІНДЕ: «АЗЫҚ-ТҮЛІКТЕР ТОБЫНЫҢ БАҒАСЫ 7%-ДАН АСТАМҒА ӨСТІ. БАҒАНЫҢ НЕГІЗГІ ӨСІМІ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КЕЗІНДЕ ТІРКЕЛДІ. ӨЗДЕРІҢІЗ БІЛЕТІНДЕЙ, ОСЫ КЕЗЕҢДЕ ШЕКАРАЛАР МЕН ТАУАР НАРЫҚТАРЫ ЖАБЫҚ БОЛДЫ. БҰЛ ӘСІРЕСЕ, АЗЫҚ-ТҮЛІК ТОБЫ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ТАУАРЛАРҒА ӘСЕР ЕТТІ. МҰНЫҢ БӘРІ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫМБАТТАУЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ОСЫНДАЙ ТЕРІС СИПАТҚА ИЕ БОЛДЫ», — ДЕДІ.

Иә, соңғы кездері әлемді әбігерге салған аты жаман ауруға байланысты дүрбелең көңілімізге кірбің ұялатып қана қоймай, күйбең тіршілігімізді де күрт өзгерткені анық. Төтенше жағдай кезінде азық-түлік бағасының өскені бәрімізге мәлім. Жағдай тұрақта- лып, карантин режимі жеңілдетілсе де, дүкен сөрелеріндегі тауар бағаларының бағасы халықтың қалтасына соғатындай біртіндеп өсіп, білдіртпей-ақ шарықтап барады. Осыған байланысты біз базардағы бағаны бағдарлайтын құзырлы мекеме — аудандық кәсіпкерлік бөліміне хабарласып, әлеуметтік маңызы бар азықтүліктердің бағаларындағы өсімдер турасында сұрадық. Бөлім мамандарының берген мәліметіне сәйкес, ауданда азықтүлік саудасымен айналысатын 250 дүкен бар көрінеді. Оның ішінде «Дина» супермаркеті әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі азықтүлік тауарларын әлеуметтік бағамен сатады. — Дүкендердегі азық-түлік тағамдарының бағаларын аптасына 1 мәрте тексеріп отырамыз. Қандыағаш қаласындағы «Дина» супермаркеті, «Айгерім», «Ырыс», «Манас» дүкендерінің бағаларын қадағалап, осы аталған дүкендердің бағасы арқылы аудандағы азық-түліктің орташа есебін шығарамыз. Бағаларды өсірмеу үшін азық-түлік дүкендері сұранысы бойынша облыстық тұрақтандыру қорынан тауарлар алып отырады. Сондай-ақ демалыс сайын өткізілетін жәрмеңкедегі көкөніс, ет, т.б. тағамдардың бағасы да аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары арқылы қадағаланады. Облыстық тұрақтандыру қоры арқылы сенбі, жексенбі күндері өтетін жәрмеңкеге көкөніс және азықтүлік өнімдерін әкеліп сатуды ұйымдастырамыз. Тағы бір айта кететін жайт, тұрғындар бағаның қымбаттауына қатысты деректерді байқаған жағдайда, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің 8(71333)3-40-99 сенім телефонына хабарлай алады, — деді аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Рустам Ахметов. Аталған бөлімнің бекітілген бағасы бойынша, күріштің келісі 375 тг., 1-ші сұрыпты ұнның келісі 148 тг., 1 келі қарақұмық — 289 тг., ше- кер — 251 тг., бір бөлке нан — 80 тг., макарон өнімдерінің құны 296 тг., 1 келі сары май — 2048 тг., 1 литр сұйық май — 431 тг., еттің келісі — 1531 тг., құс еті — 826 тг., сүт (2,5%) — 255 тг., айран (2,5%) — 298 тг., сүзбе — 1684 тг., жұмыртқа 328 тг. тұрады. Ал қырыққабат — 104 тг., жуа — 70 тг., сәбіз — 76 тг., картоп — 91 тг., тұз 37 тг. құрайды. Демалыс күндері ұйымдастырылатын жәрмеңкеде сиыр етінің жауырын төс-бөлігі облыс әкімінің қаулысымен 1700 теңге болып бекітілген. Бұл — аудандық кәсіпкерлік бөлімінің берген ресми мәліметі. Бөлім басшысы осы әлеуметтік маңызы бар негізгі 19 түрлі тағамның құнына дүкен иелері облыс әкімінің қаулысында бекітіліп көрсетілгендей, 10 пайыздық үстемақы қосып сататынын айтты. Біз де өз тарапымыздан Қандыағаш қаласындағы халық негізінен азық-түлік алатын дүкендерді аралап, бағасына шолу жасап шықтық. Біз көрген дүкен сөрелеріндегі әлеуметтік маңызды 19 тағамның бағасы төмендегідей болды. Күріш — 330-350 тг., қарақұмық — 370-400 тг., 1-сұрыпты ұнның келісі — 140-145 тг., нан — 90, макарон өнімдерінің келісі — 290-300 тг., сүт (2,5 %) — 250-290 тг., шекер — 270-280 тг., сары май — 2000-2500 тг., сұйықмай — 450-500 тг., айран (2,5%) — 310-320 тг., жұмыртқа — 340-390 тг., картоп — 140-150 тг., қырыққабат — 100-120 тг., сәбіз — 130-140 тг., жуа — 70-90 тг., тұз — 50 тг., құс еті 750-800 тг. тұрады. Ал жәрмеңкеде сатылатын сиыр етінің жауырын-төс бөлігінің келісін 1900-2000 теңгеден ала аласыз. Бекітілген ресми баға мен біз көрген бағаның айырмашылығын аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы кәсіпкерлердің коммуналдық, салықтық және жалға алатын орындарының шығындарының есебімен түсіндірді. Сондай-ақ бөлім басшысы келер жылы облыс орталықтарынан ашылған «Ақтөбе» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы «Халық сауда» әлеуметтік дүкенін Қандыағаш қаласынан ашу жоспарда бар екенін айтты. Нұрғаным КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЖҮЛДЕСІ

admin_mugalzhar

Қазақстандықтардың қашан маскасыз жүре алатыны белгілі болды

admin_mugalzhar

БАЙҚАУ! БАЙҚАУ! БАЙҚАУ!

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.