«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ТЕМІРЖОЛДА САҚ БОЛ!

Қандыағаш жол дистанциясы Қандыағаш-Сағыз — Жем-Никельтау станциясына дейін ұзындығы 548,2 км телімді қамтып, қызмет етеді. Аталмыш дистанция жолшылары жыл басынан бері қауіпсіздік шараларын қатаң ұстанып келсе де, түрлі себептердің салдарынан телімнен өткен жылжымалы құрам машинистерінің 38 мәрте шұғыл тежегіш қолдануы тіркелді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге көбейгені — теміржолшыларды қатты алаңдатып отыр.

Темір жол — өте қауіпті аймақ. Оның үстінде бей-берекет жүруге, бойына мал жаюға, үстіне зиян тигізетін заттарды лақтыруға, өткенде, балалар түгілі ересек адамға өте абайлап өту керекті айтылып та, жазылып та келеді. Осындай жағдайларды болдырмау мақсатында дистанция қызметкерлері тұрғындарды мал жаю ережелерімен таныстырып, газетке мақала беріп, қадағалаусыз малдардың жолға шығуын болдырмау үшін ҚР «Әкімшіліктік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 559- бабы 1-тармағына сәйкес 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынатынын ескертуде. Сонымен қатар 10 аудан, 15 округ әкімдеріне, 14 шаруа қожалығына хат жіберілген. Жыл басынан бері 10 тұрғынға ЖПБ тарапынан 13 890 теңге көлемінде айыппұл салынды 4 ескерту берілген. 1215 тұрғынға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 2708 тұрғын темір жолдан өту ережелерімен танысқан.

«МҰҒАЛЖАР-АҚПАРАТ»

Ұқсас ақпараттар

Қазақстан су сапасы бойынша әлемдік рейтингте 54-орынды иеленді

admin_mugalzhar

МОНИТОРИНГТІК ТОП БАҚЫЛАУҒА ШЫҚТЫ

admin_mugalzhar

ГІР КӨТЕРІП ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.