«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ДДҰ қандай жағдайда маска тағу керегін түсіндірді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маска тағуға қатысты ұсыныстарын жаңартты. Ұйым спортпен белсенді айналысқан кезде маска тақпауға кеңес беріп, ауа клапандары бар масканы да қолданбауды ұсынды, — деп хабарлайды РИА Новости

ДДҰ-ның төртінші рет жаңартылған ұсынысына сәйкес, спортпен айналысып жатқан кезде маска тағудың қажеті жоқ. Сондай-ақ, спортпен айналысқан жағдайда ауа клапаны бар маска тағуға болмайды, себебі ол дұрыс дем алуға мүмкіндік бермейді. Ең тиімдісі спортпен айналысқан кезде 1 метр арақашықтықты сақтау. 

Клапандары бар респиратор масканы жалпы қолданбаған жөн, себебі олар ауаны сүзгіден өткізбейді. Ең дұрысы — дем алуға мүмкіндік беретін матадан жасалған үш қабатты маскалар. 

ДДҰ пластик экрандарды қолданбаған дұрыс екенін айтады. Себебі ол тек көзді қорғайды, ал жөтелгенде немесе түшкірген кезде бөлінетін ауа тамшыларынынан қорғамайды. Бірақ оны медициналық немесе мата масканы таға алмайтын жағдайда қолдануға болады.   

Сонымен қатар, ұйым масканы 1 метр арақашықтық сақтау мүмкін емес жабық нысандарда тағуды ұсынды. Масканы аурухана және басқа да емдеу нысандарына барған кезде тағу міндетті. Егер ғимарат нашар желдетілсе де маска тағу керек.  

Одан бөлек, ДДҰ өкілдері үйге қонақ шақырып, арақашықтық сақтау мүмкін болмаған жағдайда да маска тағу қажет екенін ескертті. 

Ұқсас ақпараттар

АУДАН МЕДИЦИНАСЫНА ӨЛШЕУСІЗ ҮЛЕС ҚОСҚАН ЖАН

admin_mugalzhar

СИТУАЦИЯ С ПТИЧЬИМ ГРИППОМ — НА КОНТРОЛЕ

admin_mugalzhar

Қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов UFC-мен келісім жасады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.