«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ТОҚЫРАУ ЖЫЛДАРЫ ТЫҒЫРЫҚТАН ШЫҒА БІЛГЕН

Павел ХОХЛОВ, Мұғалжар ауданының 1991-1999 жылдардағы әкімі

П.П.Хохлов Мұғаджар ауданының Ембі қаласында партия шаруашылық жұмыстарына белсенді аудандық атқарушы комитет төрағасы қызметтерін атқарған. Партиялық, әкімшілік жұмыстарға араласқан Павел Павлович облыс депутаттары кеңесінің депутаты және екі рет аудандық партиякомитетініңмүшесіболып сайланған. 1992 жылы Қандыағаш қаласының, кейін Октябрь ауданының әкімі қызметін атқарды. 1997 жылы Октябрь және Ембіаудандарықосылып, Мұғалжар ауданы құрылған уақытта ауданның алғашқы әкімі болып Павел Павлович тағайындалды. Олауданғабасшылықеткенжылдарда бірінші кезекте үш мәселенің шешілуіне басымдық беру тапсырылды. Ауданды газдандыру, ауыз сумен қамту және жол мен құбырлар салу кезек күттірмейтін мәселелер болатын. Мемлекеттің қалыптасуымен дамуындағы өтпелі кезең саналатын 90 жылдары ауданның дамуын тұрақтандыру, экономикалық, әлеуметтік көрсеткіштерін көтеруде тың жол табу керек болды. Бұл уақытта расында да Қандыағаш қаласында ауыз су мен жылу — күрмеуі күрделі мәселе болды. Қай уақытта кәсібилігімен, әскерлігімен дараланған аудан басшысы қиын кезеңнің өзінде ауданның мәдени, рухани құндылығын жоғалтып алмауына мән артты. Сөйтіп, теміржолшыларды, мұнайшыларды, жергілікті кәсіпорын басшыларының жұмылуымен Қандыағаш қаласында мешіт, вокзал, стадион салынды. «Достық», «Жастық» ықшамаудандары, ескі қала аумағы толықтай көгілдір отынға көшірілді. Көшелер абаттандырылып, Ащысай, Ақсу елді мекендерінде автожолдар төселді. Бұрынғы «Жаңажол» совхозы газдандырылды. Ембі-Қандыағаш автожолы жасалды. Аудан екі жыл қатарынан облыста экономикалық және әлеуметтік даму көрсеткіштері бойынша екі жыл қатарынан көш бастап тұрды. Бұл — әлеуеттің әлеуетін көтеруге мүмкіндік берді. Жеке тұрғын үйлер көптеп салынып, сауда нүктелері ашылды. Шағын және орта бизнес аяғынан тұра бастады. 1999 жылдан бастап Павел Хохлов Мұғалжар аудандық «Энергосистема» ЖШС-ін басқарды. 1997 жылы қоршаған ортаны қорғау және өмір сүру жағдайларына қатысты кандидаттық диссертация жазып, 1998 жылы Мәскеу ғылыми экология академиясының «Құрметті академик» атағына ие болды.

Ұқсас ақпараттар

31 том: Тоқаев саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау туралы құжатпен танысты

admin_mugalzhar

ШТАБ МҮШЕЛЕРІ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

admin_mugalzhar

БӨГЕТТЕРІН БЕКІТКЕН АУЫЛДАСТАР

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.