«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«Канело» Головкинмен үшінші рет қашан жұдырықтасатынын айтты

Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес (54-1-2, 36 КО) алдағы мақсаты туралы айтып берді. Ол алдағы уақытта екінші орта салмаққа көтеріліп, алдағы 12 айда бес кездесу өткізіп, барлық белбеуді жеңіп алуға ниетті екен, — деп хабарлайды Vesti.kz

«Канелоның» алдағы жоспарында орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) жекпе-жек өткізу жоқ екен. «Қазір менің мақсатым басқа. Онымен (Головкинмен) кездесу ойда жоқ. Биыл онымен жұдырықтаспайтыным анық», — деді мексикалық боксшы ESPN арнасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, екінші орта салмақта WBC және WBA Super белбеулерінің иегері ақпанда өзінің міндетті қарсыласы түркиялық Авни Йылдырымға (21-2, 12 КО) қарсы кездесу өткізеді. Сосын ол мамырда осы салмақта WBO иегері ұлыбританиялық Билли Джо Сондерске (30-0, 14 КО) қарсы жекпе-жекке шығады. Сонымен қатар, мексикалық боксшының жоспарында IBF белбеуінің иегері америкалық Калеб Плантпен (21-0, 12 КО) кездесу өткізу де бар.

«Менің басты мақсатым — екінші орта салмақта барлық белбеуді жеңіп алу. Келесі қарсыластарымның бәрі чемпион. Мен соларды жеңуге ниеттімін», — деді «Канело».

Сауль Альварестің айтуынша, ол 2021 жылы төрт кездесу өткізеді екен. Тіпті кездесулердің қашан өтетіні де белгілі. Ол ақпан, мамыр, қыркүйек және желтоқсан айларында шаршы алаңға шығады.

Еске салайық, Головкин мен «Канело» бұған дейін екі рет кездескен еді. 2017 жылы өткен жекпе-жек тең аяқталса, бір жылдан кейін мексикалық боксшы жеңіске жетті.

Ұқсас ақпараттар

Whatsapp жаңа мүмкіндікке ие болды

admin_mugalzhar

КЕРУЕНДІК ТУРИЗМ КӨЛІКТЕРІ ҚАНДЫАҒАШҚА КЕЛЕДІ

admin_mugalzhar

Сборная Казахстана прибыла в Литву на матч Лиги наций

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.